$ 537.34  623.05  6.65

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Фото: United world wrestling
Фото: United world wrestling

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары