$ 537.34  623.05  6.65

Қазақ балуаны грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық балуан 3-орын үшін грекиялық Арионас Колицопулостан 2:0 есебімен басым түсті.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Юсуф Ашрапов (72 келі) грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Қазақстандық балуан 3-орын үшін грекиялық Арионас Колицопулостан 2:0 есебімен басым түсті.

Отандасымыз 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертерянға 1:3 есебімен жол беріп қойған еді. Ол кейіннен әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл қазақстандық балуанға жұюаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік берді.

Жұбаныш белдесуінде ол алдымен болгариялық Сергей Стоевті 8:3, әзербайжандық Сеймур Гасимовті 5:3 есебімен қапы қалдырып кетті.

Осылайша Юсуф Ашрапов ел құрамасы қоржынына үшінші медальды салды. Қазірге дейін Диас Сейітқалиев (82 келі) алтын алса, Арсен Жұма (55 келі) қола жүлдегер атанды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары