Бас бапкер Әли Әлиев құраманың толық тізімін атады.
Футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу ойындарына арналған соңғы құрамы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бас бапкер Әли Әлиев құраманың толық тізімін атады. Оған 25 ойыншы енді:
Қақпашылар: Сейсен, Анарбеков, Шайзада
Қорғаушылар: Қасым, Вороговский, Әліп, Жагоров, Тапалов, Малый, Жақсыбаев, Астанов
Жартылай қорғаушылар: Чесноков, Зайнутдинов, Оразов, Төлеубай, Кенжебек, Жұмат, Мужиков, Қараман, Қаиров, Қасабулат
Шабуылшылар: Өміртаев, Самородов, Сәтпаев, Свиридов
Оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.
Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте өз алаңында Уэльспен, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.