$ 537.91  628.87  6.6

Сабина Алтынбекова қазақстандық клубқа оралды

Спортшы енді жаңа маусымды елордадағы «Астана» волейбол клубында өткізбек.

Фото: Instagram.com / altynbekova_20
Фото: Instagram.com / altynbekova_20

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова отандық спортқа қайта оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы енді жаңа маусымды елордадағы «Астана» волейбол клубында өткізбек.

Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында клубтың формасын киген суретін жариялап, 2025–2026 жылғы маусымды «Астана» сапында өткізетінін жазды.

«Bismillah. S20 time. Season 2025/2026 in Astana team», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы Индонезияның Yogya Falcons клубының капитаны атанып, шетелдік клуб сапында өнер көрсеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары