$ 537.91  628.87  6.6

«Тарихта қаламыз деп сенемін»: Темірлан Анарбеков ұлттық құрамаға қайта оралды (ВИДЕО)

Бұл туралы ол «Қайрат» футбол командасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода айтқан. 

Фото: KFF
Фото: KFF

«Қайрат» футбол командасының қақпашысы, қазақ футболының жаңа жұлдызы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамаға қайта оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы футболшы «Қайрат» футбол командасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода айтқан. 

«Соңғы рет Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан едім. Енді қайтадан шақырту алдым. Өткен ойынды ұмытып, бар ойымыз ұлттық құрамада болу керек.

Алла қаласа жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қазір жаттығуларға қатысып жатырмыз. Біз дайынбыз деп есептеймін. Құрамаға тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ол ойын (Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты матч) тарихқа енді. Алла қаласа, ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз деп сенемін.

«Селтикке» қарсы ойындағы жеңісте тек менің емес, бүкіл команданың еңбегі жатыр. Маған сенім артқан бапкерлік құрам мен басшылыққа алғыс айтамын. Көңіл күйім көтеріліп, құрама сапында жақсы ойын көрсетуге дайын боламын деп ойлаймын», – деді Темірлан Анарбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары