$ 536.76  630.85  6.45

Темірлан Анарбеков жарақат алды: Ұлттық құрама бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Анарбеков Уэльске қарсы ойын алдында жарақат алды

Фото: sportarena.kz
Фото: sportarena.kz

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчы қарсаңында ұлттық құраманың қақпашыларының жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

Бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәслихатында жағдайды түсіндірді:

«Алдымен медициналық қорытындыны күтеміз. «Оқжетпеспен» өткен ойында Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алды. Мұхамеджан Сейсенде де кішігірім жарақат бар. Сондықтан негізгі шешімді медициналық штаб қабылдайды. Иә, бізде жақсы қақпашылар жеткілікті, енді олардың арасынан кімнің алаңға шығатынын анықтауымыз қажет», — деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен кездеседі, ал одан кейін 7-8 қыркүйек түнінде Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары