$ 537.91  628.87  6.6

«Реал Мадрид» Алматыға негізгі құраммен келеді

"8 мың шақырымдық сапардың мәні жоғалады". 

Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

Испаниялық спорт сарапшысы, Marca журналының тілшісі Давид Руистың айтуынша, мадридтіктер үшін Алматыдан үш ұпай алу өте маңызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Бұл тек екінші тур ғана, сондықтан негізгі ойыншыларды Мадридте қалдыру – тәуекелді қадам болар еді. Егер жарақаттар кедергі болмаса, "Реал" ең мықты құрамымен ойнайды. Әйтпесе, 8 мың шақырымдық сапардың мәні жоғалады", – дейді сарапшы.

Айта кетейік, испандық клуб алдағы екі аптада өте тығыз кестемен ойнамақ. "Қайратқа" қарсы кездесудің алдында олар "Атлетикомен" мадридтік дерби өткізсе, 5 қазанда "Вильярреалмен" ойнауы тиіс.

Құрам құны бойынша да айырмашылық айтарлықтай: сарапшылардың есебінше, "Реалдың" ойыншылары "Қайрат" футболшыларынан шамамен  110 есе қымбат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары