05.09.2025, 00:30

Футболдан ұлттық құраманың жаңа капитаны анықталды (ФОТО)

Фото: ҚФФ

Қорғаушы Нұралы Әліп енді командадағы көшбасшылық тізгінді ұстайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында жаңа капитан анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қорғаушы Нұралы Әліп енді командадағы көшбасшылық тізгінді ұстайды.

Жаңа шешім 4 қыркүйекте Астанада өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльспен ойын алдында жария етілді.

Осы кездесуде бастапқы құрамда Анарбеков, Қасым, Малый, Әліп (к), Қайров, Оразов, Қасабулат, Вороговский, Сатпаев, Кенжебек және Самородов алаңға шықты.

Капитандық мәртебе Асхат Тағыбергеннен кейін бос қалған еді. Ол 9 маусымда өткен Солтүстік Македонияға қарсы (0:1) ойыннан соң ұлттық құрамамен қоштасқан болатын.