12.09.2025, 17:25

Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, жартылай финалға шықты

Фото: ҰОК

Былғары қолғап шебері Анна Охотадан басым түсті. 

 Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының ширек финалында украиналық былғары қолғап шебері Анна Охотамен жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын.

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.