14.09.2025, 17:30

Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: ҰОК

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті

Қазақстандық боксшы (48 келі) финалда үндістандық Минакши Минакшиді есе жіберіп, күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз 4 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Назым Қызайбайдың бүгін туған күні. Әлемнің үш дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері 32 жасқа толды.