$ 541.18  636.05  6.52

Сүйінші! Санжар Тәшкентай әлем чемпионатының алғашқы алтынын алды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Санжар Ташкенбай Қазақстанға бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы «алтынды» әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ливерпульде өткен 50 кг салмақ дәрежесіндегі финалда ол моңғол боксшысы Баттулга Алдаркишигпен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар — оны Назым Қызайбай (48 кг) жеңіп алды. Сонымен қатар, Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Талипова (80+ кг) қола жүлдегер атанды.

Алда ұлттық құрама боксшыларының тағы алты финалдық кездесуі күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары