Ол жанкүйерлерге алғыс айтып, ағасы Махмұд Сабырхан туралы да сөз қозғаған.
Бокстан қазақтан шыққан ең жас әлем чемпионы Төрехан Сабырхан президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін желідегі парақшасында жазба жариялды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол жанкүйерлерге алғыс айтып, ағасы Махмұд Сабырхан туралы да сөз қозғаған.
"Ағамның артынан еріп боксқа қатысып бастағанымда чемпион боламын, топ жарамын деген мақсат болды ғой. Бірақ жиырмаға толмай «Құрмет» алуды ойламаған едім.
Алланың маңдайға не жазғанын пендесі біле бермейді ғой. Бүгін сол алдын-ала ойламаған, бірақ кеуде кернеп, қуаныш қойынға сыймай тұрған күндердің бірі болды.
Ел президентінің қолынан марапат алдық. Ағам да, өзім де. Бұл марапат бізге ары қарай жігер беретін, бізден кейін өсіп келе жатқан жігіттерге шабыт сыйлайтын сәт болды деп ойлаймын. Еңбектің еленгені, маңдай тердің ақталғаны кімге болсын үлкен мәртебе.
Осы жолда қолдаған отбасыма, жанкүйер - қазақ елі сіздерге, командалас бауырларыма алғысым шексіз!", - деп жазды жас чемпион.