Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төрт орынға төмендеді.
FIFA ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы Нигер мен Индонезияның ортасында орналасқан. Мұндай нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындармен байланысты:
Астанада өткен ойында Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді; Брюссельдегі кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді.FIFA тізімінің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар:
Испания бірінші орынға көтерілді; Аргентина үшінші орынға түсті; Франция екінші орнын сақтап қалды; Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға түсіп қалды.