$ 541.19  636.44  6.49

«Бұл біз үшін ауыр нәтиже»: Қайраттың бас бапкері алғашқы ойынға пікір білдірді

Бұл туралы ол ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Фото: sportarena.kz
Фото: sportarena.kz

Алматылық "Қайрат" командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы тур ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық клуб Лиссабонның "Спортингінен" 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Бапкер матчтың оңайға соқпағанын атап өтті. Бұл туралы ол ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Бұл біз үшін ауыр нәтиже. Негізгі мәселе есепте емес, бес минут ішінде қатарынан үш гол өткізіп алғанымызда. Бірінші таймда өте жинақы ойнадық. Үзілістен кейін түзетулер енгіздік, екінші таймның басында жоспарымызды орындадық. Бірақ 60-минуттан кейін ойын біз үшін аяқталды. Енді тек алдағы кездесулерге дайындалуымыз керек", – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, "Қайраттың" келесі қарсыласы – мадридтік "Реал".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары