21.09.2025, 16:30

«Алло! 10 мың доллар деген не өзі?!» –​​​​​​​ Қуат Хамитовтің әлем чемпионына берілетін сыйақыға наразы

Коллаж: sn.kz

Белгілі файтер чемпионға тағайындалған сыйақының көлемін сынға алды.

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі файтер чемпионға тағайындалған сыйақының көлемін сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстан тарихындағы ХХІ ғасырдағы алғашқы алтын жүлде иегеріне берілген 10 мың доллар – лайықты марапат емес.

«Азаматымыз тарих жасады, оған ең болмағанда футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер. Ал 10 мың доллар деген не өзі? Бұл – тарих! Алло! Әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек!», – деп жазды Хамитов Instagram-дағы kzsports аккаунтында.