$ 541.19  636.44  6.49

«Қазақша сөйлеуі әсер етіп жатыр»: Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлының неліктен үлкен жекпе-жектерге шыға алмай жатқанын айтты (ВИДЕО)

Кәсіпқой бокста Жәнібектің жекпе-жектен кейін қазақ тілінде сөйлеп жатқанын көпшілік жақсы көреді.

Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірімен бөлісті. Ол Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында Жәнібек Әлімханның әлемдік аренада қазақ тілінде сөйлеуі оның спорттағы мансабына кері әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат прталы.

”Кәсіпқой бокста Жәнібектің жекпе-жектен кейін қазақ тілінде сөйлеп жатқанын көпшілік жақсы көреді. Бірақ сол қазақша сөйлегеннен ол екі белбеудің иесі бола тұра үлкен жекпе-жектерді ала алмай жатыр. “Заманың түлкі болса, тазы болып шал” дейді ғой. Америкада сен сол жақтың ережесімен жүруің керек. Мысалы Генаның өзі “Америка — менің екінші үйім”, “Мексикалық стиль” деген сөздер айтты. Қазақстаннан шыққан адамда қайдағы мексикалық стиль? Негізінде қазақтың стилі. Бірақ ол жақта бокс көретін негізгі аудитория мексикалықтар болғандықтан сондай сөздер айтты. Оның бәрі маркетинг. Ол соны түсінді. Дәл қазір Жәнібектің де жағдайында шоу жасау керек. Артық сөздер айтсын. Біз оған сынап қарамауымыз керек. Заман талабы сол. Қарсыластарына “мен сенің басыңды кесіп, пакетке салып, Шымкентке салып жіберем” деп айту керек. Осындай сөздерді америкалықтар басқаша эмоциямен қабылдайды. Ағылшынша сөйлей беру керек. Ертең сенің 100 млн оқырманың болсын, сол кезде қазақша сөйле.  Сонда 100 млн адам қазақша үйреніп кетеді. Атың шықпай жатып, сенің қазақша сөйлегенің қатты қызық емес”, — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары