Желі қолданушылары Шавкаттың жазбасын жылы қабылдап, пікірлер қалдыруда.
Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында ойлы жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жауынгер өмір мен уақыттың мәнін, адамдардың өмірге келуі мен кетуін философиялық тұрғыда жыр жолдары арқылы жеткізді.
«Сен тірі болғанда барлығы өз ағысымен жүре береді. Біреуі келіп бір сәтке ғана жарық шашады. Біреуі кетіп сенімен қоштасады. Соңында тек сенің уақытың ғана қалады. Жаныңды жылытқанды ұстап қал да жіберуді үйрен. Сонда ғана жүрек өмір сүруді, күте білуді үйренеді», деді ол.
Бұл жолдар өмірдің өткіншілігін еске салып, әрбір сәтті қадірлеуге, жүректі жылытар нәрсені бағалауға және қажет болғанда өткенді қоя білуге шақырады.
Желі қолданушылары Шавкаттың жазбасын жылы қабылдап, пікірлер қалдыруда. Көпшілік оның сөзінен өмірлік мотивация мен рухани сабақ алғанын жазған. Шавкат Рахмонов тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ ойлы жазбаларымен де жанкүйерлерін шабыттандырып жүр.