$ 544.26  634.72  6.52

«Ем қабылдап жүрген»: Қазақстандық футболист өмірден өтті

Біржан Бакизов Қазақстан футболының дамуына елеулі үлес қосқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгін Минск қаласында 59 жасында белгілі спорт қайраткері, қазақстандық футбол ардагері Біржан Бакизов өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ға сілтеме жасап.

Біржан Бакизов Қазақстан футболының дамуына елеулі үлес қосқан. Ол футзалдан жаттықтырушы болып, жоғары лигадағы «Ансар» клубының жетекшісі қызметін атқарды. Кейін Ұлттық футбол лигасында еңбек етіп, Қазақстанның Бірінші лигасы ойындарының ұйымдастырылуына жауапты болды. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы ҚФФ-ның футзалдан чемпионаты мен Кубогында инспектор қызметін атқарды.

Белгілі болғандай, марқұм соңғы уақытта бауыр циррозына байланысты ем қабылдап жүрген. Өкінішке қарай, Минскіде өткен емдеу курсы кезінде жүрегі тоқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары