Роман Кармазин қазақстандық боксшы әзірге мұндай деңгейдегі жекпе-жекке дайын емес екенін жеткізді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты сарапшылар арасында түрлі көзқарастар айтылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Betonmobile порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін Әлімханұлы америкалық чемпионды кездесуге шақырып, бұл айқасты жанкүйерлердің барлығы қызығушылықпен көретінін мәлімдеген еді.
Алайда бұрынғы әлем чемпионы Роман Кармазин қазақстандық боксшы әзірге мұндай деңгейдегі жекпе-жекке дайын емес екенін жеткізді.
"Жәнібек жақсы боксшы, оны жеке танимын. Бірақ супержұлдыз мәртебесіне әлі жеткен жоқ. Сондықтан Кроуфордпен айқасқа дайын деу ертерек", — деді ол.
Сонымен қатар, әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев керісінше пікір білдіріп, Әлімханұлы америкалық қарсыласын жеңе алатынын атап өтті.
Осылайша, қос боксшы арасындағы ықтимал кездесу төңірегінде талқылаулар жалғасуда.