Аллахвердиев қазақстандық футболда өзін көрсетіп үлгерген.
Қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев Испанияның «Райо Вальекано B» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл команда Ла Лигада ойнайтын аттас клубтың қосалқы құрамы. Келісімшарттың толық мәліметтері әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аллахвердиев қазақстандық футболда өзін көрсетіп үлгерген. Бұған дейін ол «Жеңіс» пен «Оқжетпес» сапында ойнап, жалпы 56 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
2025 жылдың басында Аллахвердиев Бельгияның «Гент» клубында қаралымға барған. Бірақ келісім жүзеге аспады. Енді ол Испания клубының жүйесінде өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл команда жас таланттарға сенім артып, ойыншыларды Испания чемпионатында ойнайтын негізгі құрамға жиі шығарады.
Аллахвердиев үшін «Райо Вальекано B» клубына ауысу мансабындағы шешуші кезең болуы мүмкін. Егер ол жаңа ортаға сәтті бейімделсе, болашақта Ла Лигада дебют жасап, мадридтік клубтың негізгі құрамында тұрақтап қалу мүмкіндігіне ие болады.