Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болған еді.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен алматылық жүлдегерлерді құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салтанатты рәсімде спортшыларға алғыс хат пен сыйақы табысталды.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Отандастарымыз 10 медаль - 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Соның ішінде Алматының атынан бақ сынаған 4 спортшы 4 медаль еншіледі. Алуа Балқыбекова, алтын - 40млн теңге Назым Қызайбай – күміс, 30 млн теңге Виктория Графеева – қола, 20 млн Елдана Тәліпова – қола, 20 млн теңге
Жаттықтырушылар да еңбегі үшін алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Загребте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген балуан Нұрқожа Қайпанов та марапатқа ие болды.