$ 548.79  643.02  6.63

«Реал Мадрид» «Қайратты» ойсырата жеңді

Мадридтіктер ойын басталысымен-ақ белсенді болды.

Фото: instagram.com/realmadrid
Фото: instagram.com/realmadrid

Матч Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында көрерменсіз өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мадридтіктер ойын басталысымен-ақ белсенді болды. «Қайрат» қақпасынан матчтың бірінші бөлігінде 3 рет саңылау тапты. Екінші таймда да 1 гол соқты. Ал алаң иелері жалғыз доппен жауап қайтара алды. 

Осылайша, «Қайрат» U-19 екінші рет жеңіліс дәмін тартты. Бұған дейінгі турда алматылықтар сырт алаңда Лиссабонның «Спортингіне» 2:3 есебімен жол берген болатын. Қазір «Қайрат» 30-орында тұр. Ал «Реал» алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. 

«Қайрат» U-19 (Алматы, Қазақстан) – «Реал» U-19 (Мадрид, Испания) – 1:4

Голдар: Исмаил Бекболат 58 – Хайме Портерос 8, Виктор Вальдепеньяс 18, Роберто Мартин 38, Якобо Ортега 77.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары