03.10.2025, 22:30

«Ештеңе де бекер болмайды»: Сабина Алтынбекова Шерхан Қалмұрза жайлы пікір білдірді

Фото: instagram.com/altynbekova_20/instagram.com/kallmurza

Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде Алматының «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап. 

Соңғы уақытта желіде Шерханға қарсы «ештеңеге қол жеткізген жоқ», «ерекше ойынымен көзге түспеді» деген сынды жазбалар тараған еді. Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты:

«Осындай қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – бастысы осы», – деп жазды ол Instagram парақшасында.