09.10.2025, 12:00

«Жәнібекпен әзілдеуге болмайды!» – Тимоти Брэдли Кроуфордқа ескерту жасады (ВИДЕО)

Фото: Спорт Шредингера

Ол Кроуфорд үшін жеңіл серуен болмайды.

Экс-чемпион, бокстан екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған және Бокс даңқ залының мүшесі Тимоти Брэдли Теренс Кроуфордқа қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекке дайын болу керектігін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Брэдлидің айтуынша, мұндай жекпе-жек алдағы бір жыл немесе жыл жарымда өтуі әбден мүмкін.

«Әлімханұлы– өте қауіпті қарсылас. Ол Кроуфорд үшін жеңіл серуен болмайды. Бұл жігітпен әзілдеуге болмайды!» – деді Брэдли.

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.Ал Теренс Кроуфорд — үш түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы.

Жанкүйерлердің пікірінше, егер бұл жекпе-жек расымен өтсе, ол соңғы жылдардағы ең тартысты және рейтингтік кездесулердің бірі болмақ.