$ 540.06  628.25  6.61

Әйгілі Тайсон рингке қайта оралады

Қазіргі таңда 36 жастағы Тайсон Фьюри кәсіби мансабында 34 жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліп, 1 жекпе-жекте тең түскен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри келесі жылы кәсіби рингке қайта оралуға ниетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Онымен өткен аптада сөйлестім. Ол келесі жылы рингке қайта оралғысы келетінін және тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол шын мәнінде спортқа қайта келгісі келеді", – деді  оның промоутері Фрэнк Уоррен.

Қазіргі таңда 36 жастағы Тайсон Фьюри кәсіби мансабында 34 жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліп, 1 жекпе-жекте тең түскен. Ол WBC, WBO, IBO, WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болған.

Британдық боксшы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында украиналық Александр Усикке қарсы өткізді. Ол кездесуде жеңіліп, бір айдан кейін мансабын аяқтайтынын жариялаған еді. Алайда кейінгі уақытта Фьюри бірнеше рет спортқа қайта оралатынын меңзеп, ықтимал қарсыластары ретінде бірнеше боксшының есімін атады. Олардың қатарында отандасы Энтони Джошуа да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары