$ 539.06  623.75  6.63

«Мен 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым!» – Қуат Хамтитов

Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған еді.

Фото: kuat_khamitov инстаграм парақшасынан
Фото: kuat_khamitov инстаграм парақшасынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстанның жастар құрамасын сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен жерлестеріміз есе жіберген еді. Осыдан кейіг Хамитов kzsports сайтының instagram әлеуметті желідегі парақшасында футболшыларды сынап, жазба қалдырды.

“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!” — деп жазған Қуат Хамитов.

Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған еді.

Естеріңізге салсақ, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары