“Қайрат” – “Пафос” кездесуі 21 қазан күні Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді.
Португалиялық “Спортинг” және испаниялық “Реал Мадридпен” кездесу өткізген “Қайрат” енді кипрлық “Пафоспен” ойын өткізбек. Матчқа билеттердің қашан сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Қайрат” – “Пафос” кездесуі 21 қазан күні Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді. Оған билеттер бүгін, 13 қазан күні сағат 12:30-дан бастап сатылады.
Матчқа билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшаларынынан сатып алуға болады.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі алпауыт құрамамен кездескен “Қайрат” клубы әзірге ұпай жинамады. “Пафоспен” матчтан соң алматылықтарды тағы 5 ойын күтіп тұр.
Еске салайық, 30 қыркүйек “Қайрат” Алматыда “Реал Мадридтке” қарсы матч өткізді. Ойынның қорытындысы бойынша “Реал”, “Қайратты” 5:0 есебімен жеңіп, чемпиондар лигасының кестесінде 2-орынға жайғасты.