$ 539.06  623.75  6.63

Әлемге әйгілі футбол клубы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда

Оның осы ойындағы бір голы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турындағы үздік төрт голдың қатарына енген.

Фото: Маржан Куандыкова/Vesti.kz
Фото: Маржан Куандыкова/Vesti.kz

Мюнхеннің “Бавария” клубы “Қазақстан” мен семейлік “Елімай” клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дереккөздердің хабарлауынша, Бундеслиганың гранд клубының скауттары Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы өткен матчта 22 жастағы футболшының ойынына жоғары баға берген.

Айта кетейік, бұл ойында Ғалымжан Кенжебек 2 рет гол соғып, дубль авторы атанған. Ал бір рет сәтті пас берген. 

Сонымен қатар, оның осы ойындағы бір голы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турындағы үздік төрт голдың қатарына енген. Қазіргі таңда "Бавария" скауттары ойыншының мансабы мен әлеуетіне қатысты қосымша мәліметтер жинауға кіріскен көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары