14.10.2025, 15:40

«Маған жылқы берсе жарайды»: Ұлттық құрама қақпашысы матчтан кейін қалауын айтты

Фото: ҚФФ

Футболшының бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер тарапынан жылы қабылданды.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Солтүстік Македониямен өткен (1:1) матчтан кейін жанкүйерлерге күлкімен көңілді түрде үн қатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен Жамбылданмын. Бізде бұл қанмен берілген қасиет қой: әкем де шапқан, атам да шапқан. Барлық қақпашыларға қазір көлік сыйлап жатыр, ал маған ат сыйласа да жеткілікті ғой!» – деп әзілдеді Сейсен.

Футболшының бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер тарапынан жылы қабылданды.