$ 537.84  626.85  6.79

Атышулы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін шетелде өткізбек

Қуат "Найман" Хамитов кезекті жекпе-жегін шетелде өткізеді.

Фото:instagram.com/kuat__khamitov
Фото:instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА жұлдызы, Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуат "Найман" Хамитов кезекті жекпе-жегін шетелде өткізеді. Ол 23 қазанда Дубайда (БАӘ) өтетін ACA 194 турнирі аясында ресейлік файтер Анатолий Бойкомен күш сынасады.

“Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4)", - деп жазды Қуат Хамитов өзіңің instagram парақшасында.

Айта кету керек, алғашында жекпе-жек 14 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған еді, бірақ қазақстандық спортшы жарақат алып, кездесу кейінге қалдырылған. Қуат Хамитов соңғы рет 2024  жылы қыркүйек айында Нұрбек Шәріповты кәсіпқой бокс ережелерімен жұдырықтасып, жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары