$ 538.13  624.88  6.64

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, тараптар үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге келісті.

Фото: твиттер/Жәнібек Әлімханұлы
Фото: твиттер/Жәнібек Әлімханұлы

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жектің келісімшартына қол қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлімханұлы-Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда (Астана уақыты бойынша 7 желтоқсан таңертең) АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді және Айзек Крус пен кіші Ламонт Роуч кездесетін бокс кешінің негізгі жекпе-жегінің бірі болады.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, тараптар үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге келісті. Бокс кеші PBC Prime Video ақылы көру (PPV) бағдарламасына енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары