26.10.2025, 10:30

«18 жылдық үзілістен кейін»: Нодира Ахмедова ел қоржынына тарихи медаль салды

Фото: ҚР ҰОК

Осыған дейін соңғы рет 2007 жылы Назгүл Тәжіқұлова алған болатын.

Таеквондошы Нодира Ахмедоваға 18 жылдан кейін әлем чемпионатының қола медалі бұйырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Қазақстан араға 18 жыл салып әйелдер арасында таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Осыған дейін соңғы рет 2007 жылы Назгүл Тәжіқұлова алған болатын.

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынаған Нодира Ахмедова (-49 кг) жартылай финалда Лю Юй-юнге (Қытай Тайпэйі) жол беріп, қола медаль иеленді.