$ 538.13  624.88  6.64

Қазақстандық велошабандоз Азиаданың алтынын жеңіп алды

Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.

Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.

Күміс жүлдені қытайлық Аофэй Син (17:25.08) иеленсе, қола медаль Чин Лоуға (Гонконг) бұйырды (17:40.41).

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары