$ 526.02  607.55  6.5

ФИФА президенті «Қайрат» командасын құттықтады

Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдаған.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

ФИФА президенті Джанни Инфантино "Қайрат" футбол клубын чемпион атануымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдаған.

"Осы хат арқылы Қазақстанның жаңа чемпионын - "Қайрат" футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіз! Маусым бойғы тұрақты еңбегі мен көрсеткен нәтижесі лайықты жемісін беріп, осы маңызды титулға жеткізді. Командадағы әр ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы үлкен жетістікке байланысты құттықтаймын!" – деп жазады Инфантино.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары