$ 526.02  607.55  6.5

Елена Рыбакинадан ұтылған Беларусь спортшысы еңіреп жылады (ВИДЕО)

"Жылына бір рет дәл керек сәтінде жолы бола қалады екен".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан WTA қорытынды турнирінің финалында ұтылған Беларусь спортшысы Арина Соболенко еңіреп тұрып жылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Беларусь теннисшісінің эмоциялы күйде айтқан сөздері видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Жылына бір рет дәл керек сәтінде жолы бола қалады екен», - дейді Арина Соболенко Елена Рыбакинадан ұтылғаннан кейін.

Айта кетейік, Арина Соболенконың мұндай орынсыз қылықтары осыған дейін де болған. 2023 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында Мэдисон Кизге де дәл осы пікірін айтып, эмоциясын жасырмаған болатын. Ал биыл «Ролан Гаррос» турнирінің финалында америкалық Коко Гауффтан ұтылғаннан кейінгі пікірі де жұртты таң қалдырған болатын.

«Меніңше, Гауфф финалда керемет ойнағандықтан емес, менің қателікке көп бой алдырғанымнан жеңіске жетті», - деген еді Соболенко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары