Сонымен қатар бапкер ойын тұрақтылығын арттыруға және әр матчқа барын салуға ұмтылатынын жеткізді.
Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкер қызметін атқарып жатқан Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы матчқа дайындық жоспары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Талғат Байсуфинов “Бірінші бол” арнасына берген сұхбатында ол команда өз стилін қалыптастыру керегін алға тартты.
Сонымен қатар бапкер ойын тұрақтылығын арттыруға және әр матчқа барын салуға ұмтылатынын жеткізді.
“Өз бапкерлік штабымызбен келісіп, максималды нәтижеге таласамыз деп шештік. Бұл ойыншыларға қосымша мотивация болады. Біз бір матчқа ғана тоқтап қалмаймыз, әр ойын маңызды. Қазақстан құрамасының өз стилі мен ойыны болуы керек”, – деді Байсуфинов.