$ 525.28  607.85  6.47

«Қазақстан намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын»: Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтты

Қазақстандық теннисші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2025 жылдың қорытындысымен үндеу жариялады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

2022 жылғы Уимблдон және биылғы қорытынды турнирдің жеңімпазы, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина жанкүйерлеріне сөз арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2025 жылдың қорытындысымен үндеу жариялады.

- Қымбатты достар, менің сүйікті жанкүйерлерім! Сіздердің әрқайсыңызға мықты қолдауларыңыз – мінбеде, экранда, жіберген хабарламада және матчтан кейінгі жылы сөздеріңіз үшін алғыс айтамын. 

Мен Қазақстан намысын қорғап, сіздерге жақсы көңіл-күй мен жеңістер сыйлап жүргенімді мақтан тұтамын. Әсіресе, қолына қалақша ұстаған балалардың көбейгенін көргенде, ерекше қуанамын. Егер менің ойыным сіздерді армандауға, еңбек етіп, өздеріңізге сенуге жетелесе, сол – мен үшін ең үлкен жеңіс. 

Алда қысқа демалыс, сосын жаңадан дайындық басталады. Жеңісте де, қиын күндерде де бірге болғандарыңыз үшін рахмет. Сіздердің сенімдеріңіз маған күш береді. Кортта кездескенше. Алға, Қазақстан! – деп жазды Елена Рыбакина. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары