$ 525.28  607.85  6.47

Бекболат Тілеухан қымбат көлік сыйлаған балуан Ресейде күрес мектебін ашты

Токио Олимпиадасында ол басты фавориттердің қатарында болды.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, еркін күрес шебері Нұрислам Санаев Ресейдің Қызыл қаласында балаларға арналған спорт клубын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы үлкен спорттағы мансабын ресми түрде аяқтаған балуан енді бапкерлікке бет бұрып, жас ұрпақ тәрбиесіне ден қоймақ. Оның бастамасымен құрылған жаңа мектеп «Чемпиондар жүрегі» («Сердца чемпионов») деп аталады.

Нұрислам Санаевтың шын есімі – Артас Саана. Ол Туваның тумасы, 2018 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионаттарында күміс пен қола жүлде иеленген. 2014 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп, Ақтөбе облысының атынан тіркелген еді.

Токио Олимпиадасында ол басты фавориттердің қатарында болды. Жартылай финалда жеңіске бір қадам қалғанда үнді балуанына жол беріп, кейін қола үшін күресте жеңіске жетіп, үздік үштікке енді.

Олимпиададан кейін елге оралған Нұрисламды әуежайда Мұхамеджан Тазабек бастаған танымал тұлғалар қарсы алған. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның атынан оған қымбат «BMW» көлігі тарту етілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары