$ 525.28  607.85  6.47

«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасындағы жалпы табысы белгілі болды

Бұл туралы клубтың иесі Қайрат Боранбаев осы маусымдағы жалпы табысты ашып айтты. 

Фото: ФК Кайрат
Фото: ФК Кайрат

Алматылық “Қайрат” футбол клубының Чемпиондар лигасындағы табысы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы клубтың иесі Қайрат Боранбаев осы маусымдағы жалпы табысты ашып айтты. 

“Чемпиондар лигасындағы осы маусымның жалпы табысы шамамен 35 миллион еуроны құрайды. Бұл көрсеткішке демеушілерден түскен қаржы, билет сатылымдары және УЕФА-ның төлемдері кіреді. Барлығы қосқанда бұл шамамен 21 миллиард теңге, — деді Боранбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұл “Қайрат” клубының тарихындағы ең қаржылай табысты маусым. Дегенмен, қазіргі таңда алматылық команда турнир кестесінде тек бір ұпай жинап, 34-орынға орналасқан. Бұған дейін команда “Спортингке” (1:4) және “Реалға” (0:5) жол беріп, “Пафоспен” (0:0) тең есеппен тарқасқан. Ал Чемпиондар лигасының 4-турында “Интерге” қарсы матчта 2:1 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары