13.11.2025, 00:30

Қазақстандық суда жүзуші Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.