13.11.2025, 18:00

«Ұзынмен ыңғайсыз»: Назым Қызайбай тағы да образын өзгертпек

Фото: әлеуметтік желі/Назым Қызайбай

Бұл туралы спортшы өз парақшасында жазып, оқырмандарынан кеңес сұрады.

Қазақстанның танымал боксшысы, әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай образын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы спортшы өз парақшасында жазып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұзын шашпен жүру қолайсыз – үнемі жинауға тура келеді. Енді қысқа етіп қидырғым келеді. Қайсысы жақсы деп ойлайсыздар: каре ме, әлде муллет пе?» – деп жазды Назым.

Боксшының айтуынша, белсенді спорттық өмір салтына сай ыңғайлы әрі қарапайым стиль іздеп жүр. Осы жазбадан кейін жанкүйерлер арасында қызу талқылау басталған: бірі спортшыға каре жарасатынын айтса, енді бірі оның мінезіне муллет үйлеседі деген пікірде.

Көпшілік Назымның бұл шешімін батыл қадам деп бағалап, жаңа бейне оның рингтегі қайсар мінезін толық аша түсетініне сенім білдірді.