Финалдағы жеңісінен кейін отандасымыз басты бәсекелесімен қайта жолығуды алдын ала күткенін айтты.
Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында 2024 жылғы Олимпиададағы жеңілісінің есесін қайтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Финалдағы жеңісінен кейін отандасымыз басты бәсекелесімен қайта жолығуды алдын ала күткенін айтты.
Еске салайық, финалда Герасименко Мысыр спортшысы Омар Ассарды жеңіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалындағы жеңілісі үшін қарымта алды.
"Исламиада ұзаққа созылды, оңай болған жоқ. Бірақ, міне, жарыс аяқталды. Үйге жеңіспен оралатыныма қуаныштымын. Бұл - тамаша сезім. Көңіл-күйім керемет.
Жарыс басталар алдында Омар Ассар да келеді деп ойладым. Онымен финалда жолығамыз деп жоспарладым. Олимпиададағы кездесуден кейін одан кеткен есемді қайтарып алғым келді. Ойын оңай болған жоқ, үстелге бейімделу қажет болды. Дегенмен Омарға да оңай болмады, бұл байқалып тұрды.
Әрдайым өз мүмкіндігіңді барынша пайдаланып, неге қабілетті екеніңді көрсету керек. Қарымта алғаныма өте қуаныштымын.
Нәтижесінде екі медальға ие болдым. Әрине, үш жүлде алғым келген. Бірақ бар нәтижеге ризамын. Ең бастысы - Қазақстанға алтын медаль сыйлағаныма қуаныштымын.
Жанкүйерлерге, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, федерацияға, командаға және бас бапкер Эльмира Әлиеваға алғыс білдіремін. Бізге қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасағандарыңыз үшін көп рақмет," - деді спортшы.