Матчтың соңғы 15 минутын Қазақстан бір ойыншымен кем аяқтады — Ислам Чесноков қызыл қағаз алды.
Кездесудің 9-минутында 17 жастағы Дастан Сатпаев есепті ашып, жаңа рекорд орнатты — ол Қазақстан құрамасы тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Ал 48-минутта Ханс Ванакен таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Матчтың соңғы 15 минутын Қазақстан бір ойыншымен кем аяқтады — Ислам Чесноков қызыл қағаз алды.
Осы нәтижеден кейін Бельгия J тобында үздік екілікті қамтамасыз етті, ал Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігін жоғалтты.
Айта кетейік, қыркүйек айында өткен алғашқы ойында Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілген еді.