16.11.2025, 12:30

Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161.42 ұпаймен бірінші орынға шықты.

Жалпы есепте ол 251.09 ұпай жинап, нәтижесінде екінші орынға тұрақтады. Франциялық Кевин Аймоз (253.53) алтын медальға қол жеткізсе, жапониялық Казуки Томоно (245.57) қола жүлдені иеленді.

Шайдоров бір маусымда Гран-при кезеңдерінде жеңіс тұғырына екі рет көтерілген Қазақстан тарихындағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы атанды. Әзірге Михаилдың Гран-при жарысының жалпы есебінде 24 ұпайы бар. 

Маусым соңында осы ұпайлар бойынша ең көп ұпай жинаған алты спортшы финалға өтеді. Бұл финал 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы шешуші жарыс болып саналады.