Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері әлемнің үздік құрамаларының бірі саналатын Бельгиямен өткен тартысты матчты 1:1 есебімен аяқтады.
"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кеше Бельгия қақпасына гол соғып, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
17 жастағы футболшы ЧМ-2026 іріктеу матчы аясында Астанада өткен ойында Бельгия құрамасына өз алаңымызда соққан алғашқы голын тіркеді.
Сәтпаев кездесудің 10-минутында есеп ашып, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы рекордын жаңартты.
Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері әлемнің үздік құрамаларының бірі саналатын Бельгиямен өткен тартысты матчты 1:1 есебімен аяқтады.
Айта кетейік, ойын соңына қарай Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кеміді: Ислам Чеснаков дөрекі фолы үшін алаңнан қуылған болатын.
Сонымен қатар бұл Сәтпаевтың Қазақстан құрамасы сапындағы екінші рекорды. Бұған дейін ол ұлттық команда тарихындағы ересектер құрамына шақырылған ең жас ойыншы ретінде танылған еді.