$ 522.19  606.42  6.47

Ислам Махачев UFC-дің жартылай орта салмағында чемпион болды

Махачев бұған дейін жеңіл салмақта әлем чемпионы болған.

Фото: UFC
Фото: UFC

Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы астралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) шешен Ислам Махачевпен (28-1) кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кету керек, Махачев бұған дейін жеңіл салмақта әлем чемпионы болған. Бұл дивизионда өзіне лайықты қарсылас қалмағандықтан ол бір салмақ жоғары көтеріліп, жаңа дивизионда да топ жарып отыр.

Ал, Маддаленамен болған чемпиондық жекпе-жек Исламға аса ауыр болды деп айта алмаймыз. Тек мерзімінен бұрын жеңе алған жоқ. Негізінен партерде өткен төбелесте аустралиялық файтер қарсыласына айтарлық қауқар көрсете алмады. Десе де, қылқындыру әдістеріне түспей, дер кезінде сытылып шығып кетіп отырды.

Осылайша, Ислам Махачев – жартылай орта салмақ дивизионындағы жаңа чемпион. Ал, Джек Делла Маддалена болса чемпиондық атақты бір жыл да ұстап тұра алған жоқ.

Еске салайық, дәл осы салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (19-0) былтыр чемпиондық титул үшін төбелесуі керек болатын. Алайда, денсаулығына байланысты октагонға шыға алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары