Енді маман ұлттық құраманы Ұлттар лигасының жаңа маусымында бастап шығады.
Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов жаттықтыра береді. Ол алдағы күндері келісімшарт жасап, толыққанды бас бапкері болып тағайындалмақ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Sports24.kz редакторы Әділ Саптаев жазды. Келісімшарт алдағы күндері ресми түрде жасалады деп күтілуде.
Талғат Байсуфинов қазан айында ұлттық құраманы уақытша басқарған кезде екі матч өткізіп, төрт ұпай жинады.
Қараша айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде Астанада Бельгиямен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Кейін Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізіп, жеңіліс тапты.
Талғат Байсуфинов бұған дейін Қазақстан құрамасын екі рет басқарған:
– 2016-2017 жылдары,
– 2020-2022 жылдары.
Енді маман ұлттық құраманы Ұлттар лигасының жаңа маусымында бастап шығады. Команданың басты міндеті – B лигасы деңгейіне өту.