Матч сағат 20:30-да өтеді.
9 желтоқсан күні елордадағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің матчы өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл ойында алматылық «Қайрат» футбол клубы Грекияның «Олимпиакос» командасын қабылдайды. Билет бағасы – 15 000-50 000 теңге аралығында. Матч сағат 20:30-да өтеді.
«Билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында бар.
Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады», - делінген ақпаратта.