$ 520.02  608.79  6.57

«Қара бала, таяқ жейсің»: Шавкат Рахмонов америкалық файтерге жауап берді

Бұл жауап әлеуметтік желілерде тез тарап, жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.

Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94

Аралас жекпе-жектің танымал өкілі, UFC жартылай орта салмақтағы әлемдік рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов америкалық Хоакин Баклидің жұдырықтасуға жасаған даулы шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тығылуды қой»: Америкалық файтер Шавкат Рахмоновқа үндеу жасады

1bol.kz мәліметінше, Бакли әлеуметтік желіде Рахмоновқа бағытталған өткір мәлімдеме жасап, қазақстандықты «жекпе-жектен қашады» деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, Шавкат ешқашан өзі секілді жылдам, күшті әрі қысыммен жұмыс істейтін қарсыласпен кездеспеген.

Америкалық спортшы өз үндеуінде былай деді:

«Өзбекстанда тығылуды қой. Сен менің жылдамдығымды да, қысымымды да, күшімді де сезінген жоқсың. Образбен өмір сүріп жүрсің, ал мен оны бұзуға дайынмын. Егер өзіңді чемпиондыққа үміткермін деп санасаң, алдымен менімен кездес», – деді Бакли.

Ол тіпті Рахмоновтың командасы да бұл жекпе-жектен қашады деп мәлімдеді:

«Kill Cliff менің атымды атамайды. Генри Хуфт жігіттеріне менімен жұдырықтаспаңдар деп айтыпты», – деп жазды америкалық.

Қазақстандық файтер америкалық спортшының мәлімдемесіне ұзақ жауап қатпай, оның парақшасына кіріп, бір-ақ сөйлем қалдырды:

«Қара бала, таяқ жейсің».

Бұл жауап әлеуметтік желілерде тез тарап, жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары