$ 520.02  608.79  6.57

Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі

Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Т

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Тур Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан футбол федерациясы және іс-шараның демеушісі - Coca-Cola компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады.

Бұл оқиғаның бірегейлігі - трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан бұл оқиға қаламыз үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары